Кітапхана туралы
Серік Жетпісқалиев
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің
«Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Құрметті оқырман!
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп даңқты жазушы
Әбіш Кекілбаев айтқандай, адамның кітаптан алары көп. Ал, кітапхана –
қолжетімді қазына.
Көкшетау қаласында біздің жүйеге қарасты 12 кітапхана бар. Олар қаламыздың әр бөлігінде орналасқан. Өзіңіздің ой-өрісіңізді толықтырып, білім көкжиегіңізді кеңейту үшін осы кітапханалар қызметін пайдаланыңыз.
Кітапханалар қоры оқырман сұранысына орай үнемі толықтырылып отырылады. Оған қоса кітапханаларда мерзімді басылым — газет-журналдар тігінділері де бар. Ғаламторды пайдаланып, электрондық басылымдарды да қарай аласыз.
Сондай-ақ, кітапханаларда жоспарға сәйкес әртүрлі танымдық шаралар, оқырмандар конференциялары, кітаптарды талдаулар, таныстырылымдар, ақын-жазушылармен кездесулер де өтіп тұрады.
Кітаптан қол үзбеңіз, кітапханамен байланыста болыңыз!