1 сәуір күні Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында «Сәлем, Кітап әлемі!» атты апталықтың ашылу салтанаты және «А-дан Я-ға дейін бүкіл әлемді кітап елі ашады» атты кітап ассортиі өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітапханаға тарту және көркем әдебиетті насихаттау. Іс – шараға Көкшетау қаласының жалпы білім беретін № 21 мектеп – лицейінің 6 – сынып оқушылары қатысты. Ашылу салтанатында 1 апта бойы өткізілетін апталық жоспарымен таныстырылды. Оқырмандар әдебиет әлеміне саяхат жасап, қызықты ойын – викториналарға қатысып, белсенділік танытты.
«Зерек» балабақшасының тәрбиеленушілерімен балалармен қызықты ойындар ойнатылып, кітапхана қорындағы барлық жанрдағы кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптарын алып оқуға мүмкіндік алды.
