Информация ЦГМБ
Кітап қоры - 22683 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде - 11258.дананы құрайды.
Оқырмандар саны -3837 .
Келім саны-24303.
Кітап берілім - 57600
Мекенжайы: Орталық қалалалық үлгілі кітапханасы, Н.Гастелло 13б
Көкшетау қаласы ақпараттық кітапхана жүйесінің Орталық қалалық кітапханасы 1978 жылы құрылды.
Алғашқы директоры Клавдия Николаевна Маринина болды. 1998 жылдан бастап кітапхана «Тарихи-рухани жаңғыру кітапханасы» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.
Орталық қалалық үлгілі кітапханасы 2003 жылдан бастап "Кітапхана және ұлттық мәдениет" бағыты бойынша облыстық және қалалық ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз қарым-қатынас орнатқан.2019 жылы кітапхана Орталық қалалық үлгілі кітапханасы, деп аталады.
Кітапхана меңгерушесі Минина Лариса Генриховна. Жұмыс стажы 32 жыл. Білімі жоғары.
Кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде абонемент, оқу залы, мемлекеттік тілдегі әдебиет бөлімдері бар.Газет – журналдардың екі тілдегі 20-тан астам басылымдарын жаздырып алады. Кітапханада "Жас Қанат" клубы жұмыс істейді. Орталық қалалық үлгілі кітапхана "Көкшенің көркемсүреті палитрасы" жобасымен оқырмандарды қала суретшілерінің шығармашылығына қызығушылықтарына арттыру, кітап және мерзімді басылымдарды оқу, өскелең ұрпақты өнерге, мәдениетке баулу, өткізілетін кітапханалық іс-шаралар арқылы көркемдік талғамға деген қажеттілікті тәрбиелеу мақсатында жұмыс істейді.
Кітапханада дөңгелек үстелдер, кездесулер, атаулы күндерге арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, кітапханада КАБИС электронды бағдарламасы арқылы үлкен жұмыстар атқарылуда. Өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты Facebook, Instagram желілерінде жарияланып тұрады. Кітапхана оқырмандар үшін "Оқырман ауласы", "Қалтадағы өлеңдер" акцияларын, сондай-ақ оқушылар, студенттер, Бурабай және Юбилейный шағын аудандарының тұрғындары арасында түрлі ауқымды іс-шараларды өткізіп тұрады.
Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасы
Кітапхана меңгерушісі: Сагандыкова Жадра Набиевна
Кітапхананың мекенжайы: Көкшетау қаласы, Қанай би көшесі, 37
Байланыс телефоны: 32-00-16
Тел: 8-771- 836-74-85
Штат бойынша: 5 қызметкер:
меңгеруші - 1;
кітапханашы- 2;
архивариус -1;
еден жуушы - 1.
Жалпы кітап қоры - 26386 (соның ішінде мемлекеттік тілде - 9234)
Кітап қорының шамамен 50 пайызы «арнайы» әдебиеттер
құрайды. Соның ішінде бедерлі-нүктелі шрифтымен - 3035 дана;
«дыбысты» әдебиеттер: таспалар - 5400 дана мен электронды - 2246
дана басылымдармен жабдықталған.
Оқырмандар саны - 1139 (соның ішінде балалар саны - 275)
Келімі -13291 (соның ішінде балалар -5203 )
Кітап берілімі - 27702 (соның ішінде балалар - 8838)
Іс шара саны - 72
Іс шара көрілімі - 1633
Кабис - 1002
Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасы 1971 жылы құрылды.
Кітапхана Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесіне енгізілген.
Қазақ зағиптар қоғамының ғимаратын жалға алған.
Кітапхананың жалпы аумағы 186 шаршы метр.
Кітапханың қызмет көрсету бөлімдері: абонемент, оқу залы.
Сонымен қатар Үй және Сырттай абонемент арқылы да қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күні кітапхана I,ІІ,ІII топтағы зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсетеді. Кітапхана тек Көкшетау қаласында ғана емес, облыста тұратын көз мүгедегі бар жандарға да қызмет көрсетеді. Сонымен қатар мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.
Қалада «Өркен» балабақшасында көз ауруларына шалдыққан балалардың арнайы тобы бар, кітапхана қызметкерлері сол топтың балаларына кітапханааралық пункт арқылы қызмет көрсетіледі, әр түрлі іс шаралар өткізіліп турады. Кітапхана «Жанға шипа, көңілге медет кітаптар» жобасы бойынша жұмыс жасайды. Жоба аясында іс шаралар өткізіліп тұрады.
Кітапханамызда әдебиет және өнер сүйер қауымға «Гармония» атты көркем-эстетикалық клубы өз жумысын атқаруда. Клуб аясында талай қызықты іс шаралар өткізіледі.
Оқу залында зағип және нашар көретін оқырмандар үшін дауыстап оқулары өткізіліп турады (мерзімді басылымдардың беттерінде басылып шыққан мақалалармен таныстырылады).
Кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері жыл сайын әр түрлі қалалық, облыстық, республикалық,халықаралық деңгейде өткізілетін сайыстарға белсене қатысып келеді.
2025 ж.республикалық, облыстық, қалалық газеттер мен журналдарда 14 мақала жарияланды.
Красный яр қалалық үлгілі кітапханасы
Мекен-жайы: Тәуелсіздік 3
Кітапхана меңгерушісі Бодаубай Гүлжанар
Кітапхананың жалпы кітап қоры – 26990 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде 13786 дананы құрайды.
Оқырмандар саны- 3407/2012
Келім саны – 24728/ 16357
Кітап берілімі – 65974/ 43436
Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің Красный яр қалалық үлгілі кітапханасы негізі 1958 жылы қаланған. 1961 жылы кітапхана аудандық мәртебеге ие болды. 1997 жылдан бастап кітапхана Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің құрамына енді.
Кітапхана 125000 теңгеге 18 мерзімді басылым атауына жазылады. Кітапханада мерзімді басылымдардың электрондық картотекасын енгізу бойынша КАБИС бағдарламасы жұмыс істейді. Бүгінде кітапханаға ауылдың үш жарым мыңдай тұрғыны барады, оның ішінде екі мыңы бала.
Кітапханада: оқу залы, ересек оқырмандарға арналған абонемент, конференц – зал, балаларға арналған коворкинг орталығы бар. Сондай-ақ, кітапханада отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған «Мерей» клубы, жас жеткіншектерге арналған «Көкжиек» клубы, ауыл тарихында өз қолтаңбаларын қалдырған тұлғалардың еңбегін насихаттауды көздейтін «Ауыл.Тарих. Тағылым» жобасы жұмыс жасайды.
Кітапхананың инстаграм парақшасы kras_kitaphana – 328,
фейсбук әлеуметтік желісінде -1100 жазылушысы бар.
Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана
Кітапхананың тарихы
Қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің филиалы болып табылатын және Маяковский көшесі, 49 мекенжайында орналасқан №12 Қалалық балалар кітапханасы 1960 жылы салынды (пешпен жылытылатын). 1992 жылы ескі ғимараттың жанынан жаңа кітапхана салынып, оған «Застанциондық қалалық кітапханасы» (кітапхананы жылу магистраліне қосты) деген атау берілді, ол бүгінгі күнге дейін ҚАКЖ- нің мемлекеттік мекемесінің балансында. Кіші буын оқырмандар үшін 2015 жылы «Алақай» қуыршақ клубы ашылды. 2016 жылдың қаңтар айында кітапхана оқырмандары үшін «Жан дауа» денсаулық клубы ашылды. 2016 жылдың мамыр айында «Адам еңбегімен даңқты» «Славен человек труда» жобасы жұмыс істей бастады.
Жоба 2020 жылы «Еңбек - елдің мұраты» деп өзгертілді. 2017 жылы кітапханаға мәртебе берілді: үлгілі кітапхана. 2023 жылы Көкшетау қаласы әкімдігінің, Облыстық мәслихат депутаты Нұртас Ахаттың, Застанционный шағын ауданның депутаты Топорков Олег Иванович, «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» ММ басшысы Уразбаева Күнім Әбдісалыққызы, «ГИБС» ММ басшысының Жетпісқалиев Серік Сапарұлының қолдауымен Застанциондық қалалық үлгілі кітапханаға 5 қарашада орталық сумен жабдықтау жүргізілді.
2024 жылы қазан айында кітаханаға қол жуынатын бөлме, сонымен қатар канализация орнатылды. Кітапхана пайда болған күннен бастап Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана бірнеше рет грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Көкшетау қаласының қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйесі «ҚАҚЖ»-нің атынан Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана 2024 жылы белсенді, шығармашылық жұмысын атқарған үшін «Ең үздік кітапхана» бойынша «Ақылды үкі», сондай – ақ «Еңбек- ер аттандырады» атты номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды. Адал еңбегі үшін кітапханашылар бірнеше рет грамоталармен және алғыс хаттармен, кітапханашы Елена Михайловна Данчева «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төс белгісімен марапатталған.
Қазақ қалалық үлгілі кітапханасы оқырмандар үшін 2000 жылдың тамызында, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін қолдау жылы аясында ашылды. 2015 жылы Қазақ қалалық үлгілі кітапханасы ретінде жаңа форматта ашылған. Қазақ қалалық үлгілі кітапханасының жұмысындағы негізгі бағыт мемлекеттік тілдегі әдебиетті насихаттау, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін зерделеу болып табылады. Кітапхана ашылған кезде Қор 3000 дана болса, бүгінде қорда 18921 мың дана кітап бар. Олардың ішінде мемлекеттік тілде 13239.Бірінші жарты жылдықта Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында 18473 оқырманға қызмет көрсетілді.
Ұлтымыздың ұлы кемеңгері хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Қазақ кітапханасында «Абай» әдеби орталығы ашылған болатын.
Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың мерейін соншалықты асқақтата түсеміз» деген болатын.
Биыл 2025 жылы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына –
180 жыл. Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс.
Қазақ қалалық үлгілі кітапханасы 2021 жылдан бері Қалалық қазақ кітапханасы «Туған өлке» атты жобасын қолға алған болатын.
Бұл жобаның мақсаты: өлкетану бағытындағы әдебиеттермен таныстыру, жас ұрпақтың еліне, жеріне деген патриоттық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбилеу, сондай-ақ еліміздің мәдени – әдеби өркендеуіне өздерінің өшпес қолтаңбаларын қалдырған Көкше өңірінен шыққан қайталанбас тұлғалардың қайраткерлік өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, насихаттауға бағытталған.
Осы жоба аясында кітапханада «Өнегелі Көкшетау», «Қойнауы тарих киелі мекен Көкшетау», «Туған өлке – тұнған шежіре», Көкшелік қаламгерлер кітапханаға сыйға тартқан кітаптар» атты ашық кітап көрмелері оқырман назарына ұсынылып отыр. Көкшелік қаламгерлердің өз қолтаңбасын қалдырып, кітапханаға сыйға тартқан еңбектері кітап қорымызда мұқият сақталып, көрмеміздің төрінен орын алуда.
Бүгінгі таңда қазақ қалалық үлгілі кітапханасы қаланың барлық мәдени - бұқаралық іс-шараларына қатысады және сол арқылы қаламыздың мәдениетін дамытуға үлес қосады.
«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы туралы ақпарат
«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы 2017 жылы ашылды. Кітапхана ауданы - 30 шаршы метр. Үй-жай: жалға алған.
Газет, журналдардың екі тілдегі 13 басылымын алады. Кітапханада жастарға әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі, ұлт болашағы мен мемлекет тұғырында ең басты құндылық - отбасы екендігін ұғындыру, рухани адамгершілік дүниетанымдарын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында «Отбасылық қонақжай» клубы жұмыс жасайды.
2023 жылдан бастап өңірдегі жас таланттардың танылуына жол ашу, олардың жетістіктерін насихаттау, жастарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Кітапхана және Жастар» жобасымен жұмыс жүргізеді.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде барлық іс-шаралар жарияланады. Кітапхана КАБИСТІҢ электронды каталогын жүргізеді. Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясымен және қала мектептерімен, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжімен тығыз жұмыс істейді.
Республикалық, облыстық, қалалық газеттер мен журналдарда 2025 жылы 50 мақала жарияланды. «Көкше» телеарнасында кітапхана шаралары бойынша 14 репортаж өтті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Үздік кітапхана» атанып, ақыл-парасаттың, даналықтың, білімділіктің және көрегендіктің нышаны саналатын ауыспалы «Үкі» статусын иеленді. Кітапхананың ағарту, насихаттау, комуникативтік қызметінің негізгі бағыттары – қаланың мәдени дамуына үлес қосу, оқырмандарға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету, көркем әдеби және жүйелі оқудағы тұрақты талғамын дамытуға себепші болатын көпшілік шаралар ұйымдастыру. Кітапхана қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Кітапханашы – жаңалыққа құштар маман» байқауында «Ең белсенді кітапхана» номинациясын иемденді. Кітапханашы Есмағанбетова Б.О. ҚАКЖ басшысы С.Жетпісқалиевтің, кітапхана меңгерушісі Айдосова Б.Д. Көкшетау қаласының әкімі Ә.Күмпекеевтің алғыс хатымен марапатталды. Тілдер күніне орай Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Тіл жанашыры» сайысында кітапхана меңгерушісі Б.Айдосова Ақмола облысы әкімі сыйлығының және «Тіл майталманы» номинациясының жеңімпазы атанды. Осы жылы кітапхана қызметкерлері аттестациядан сәтті өтіп, біліктілік санаттары көтерілді.
Станциондық қалалық үлгілі кітапханасы
Кітапхана меңгерушісі Сатаева Бахыт Мейрамовна. Жұмыс стажы 23жыл. Білімі жоғары. Кітапханашы:Турлұбекова Райхан Курмашевна,жұмыс стажы 3,3 жыл. Білімі орта арнайы . Кітапхананың жалпы алаңы - 47,3 кв.м.
Кітапхананың жалпы кітап қоры - 12983 дана ,соның ішінде мемлекеттік тілде – 7272 дананы құрайды.
Оқырмандар саны - 2008 .
Келім саны - 20454.
Кітап берілім - 33416
Көкшетау қаласы ақпараттық кітапхана жүйесінің Станциондық қалалық кітапханасы 1984 жылы құрылды. 2018 жылдан бастап кітапхана Станциондық қалалық үлгілі кітапханасы, деп аталады.
Кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде абонемент,балалар бөлімі . Газет – журналдардың екі тілдегі 20-тан астам басылымдарын жаздырып алады. Станциондық қалалық үлгілі кітапханасында 2007 жылдан бастап «Шаңырақ» клубы жұмыс істейді. Станциондық қалалық үлгілі кітапхана «Кітапхана отбасылық оқу және тәрбие»» жобасымен жұмыс жасайды. Кітапхана қария тұрғындарымен кездесулер, атаулы күндерге арналған іс- шаралар,акцияларын өткізіп тұрады.
Бірлік қалалық үлгілі кітапханасы
Кітапхана меңгерушісі: Баймагамбетова Анар Ермековна
Байланыс: 41-02-33
Тел: 87785677944(WhatsApp)
Бірлік ш.а. халқы: 2700
Штат бойынша-3 қызметкер
кітапханашы-2
Еден жуушы-1
Жалпы кітап қоры-10167; оның ішінде мемлекеттік тілде-6387
Оқырмандар саны-2283; соның ішінде балалар саны-1347
Кітап берілімі- 38450
Іс шаралар саны-56
Қатысушылар саны-1120
Кабис-1086
Бірлік қалалық үлгілі кітапханасы 2015 жылы құрылды.
2018 жылдың қантар айынан бастап кітапхана «КөкшеЦемент ЖШС-нің» бір бөлмесін жалдап тұр.
Кітапхананың жалпы аумағы 107,0 шаршы метр
Кітапхана бағыты: «Кітап оқу арқылы, рухани дәстүрді жаңғырту».
2018 жылдан бері «Қол өнер-сырлы өнер» атты жоба жұмыс жасайды.
Жобаның мақсаты: Жас ұрпаққа шебер қолдан жасалған бұйымдардың маңызы ман жасалу жолдарын түсіндіру, олардың қолдану және жасалу жолдарын атап өту, ұлттық өнерге деген сүйеспеншілігін арттыру, атадан қалған асыл мұраны сыйлата білу. Кездесу, көрме, мастер класстар өткізіледі.
2022 жылы Бірлік қалалық үлгілі кітапханасында қазақтың ақыны, публицист, ұстаз, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 1 жылдығына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты орталығы ашылған болатын. А.Байтұрсынұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттап, жас ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында көптеген жұмыстар жүргілізуде.
«Бұлақ» балалар клубы жұмыс жасайды.
Клубтың мақсаты:оқырмандар бойына отаңға деген сүйіспеншілікті арттыру, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу. Халқымыздың әдет-ғұрпымен, тарихымен, мәдениетімен терең таңыстыру.
2026 жылы Республикалық, облыстық , қалалық газеттер мен журналдарда 19 мақала жарияланды.
Кітапхана туралы ақпарат
Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы 2004 жылдан бастап Б.Момышұлы, 41 мекенжайында орналасқан.
2015 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Орталық қалалық балалар кітапханасы балаларға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары деңгейге көрсететін жаңа форматтағы «үлгілі кітапхана» мәртебесіне ие болды . Үлгілі кітапхана – бұл оқырмандарға қызмет көрсетудегі ақпараттық қамтамасыз ету деңгейін сапалы арттыру және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, ресурстық базаны нығайту және электрондық қорды қалыптастыру ісін қолға алды. Орталық қалалық балалар мен жасөспірімдер үлгілі кітапханасы үнемі шығармашылық ізденісте және өзінің жұмыс формалары мен әдістерін жетілдіруде. 2021 жылдан бастап Б. Момышұлы, 41 а мекен-жайында орналасқан жаңа ғимаратқа көшті.
Есепті кезеңде оқырмандар саны – 4151, оның ішінде балалар -2551,
келушілер саны – 47242, оның ішінде балалар 29557, кітап берілімі – 107030, оның ішінде балаларға 64507. Жыл сайын іс шаралар жылдық жоспар бойынша уақытында өткізіліп, әлеуметтік желі парақшасына ұсынылып отырады. Жалпы кітап қоры - 20589. Соның ішінде қазақ тілінде - 10730.
Кітапхана саласында 4 қызметкер жұмыс жасайды.
Басты мақсатымыз - оқырмандар санын көбейту. Балалар әдебиеті жауһарларын кеңінен насихаттау. Қазіргі заманға сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын әдеби - кеш, дөңгелек үстел, кездесу кеші, чел¬лендж, интеллектуалдық ойындар, әдеби-қонақжайларға кітапханамызға сынып болып бас сұғатын оқырмандар саны артып келеді. Сол себепті толассыз келіп жатқан оқырмандарымыз үшін біздің кітапхана рухани дамуға тікелей әсер ететін құндылық болып табылады. Жыл бойы өткізіліп жатқан әр түрлі бағыттағы тақырыптық іс – шаралар оқырмандарымыздың белсенділігін танытып, одан әрі жақындастыра түскеніне куәміз. Кітапхананың басты құндылығы – адамның ішкі жан дүниесін байытуында. Атаулы кітапханада «Тілашар», «Муравейник» клубтары және мүмкіндігі шектеулі жандармен «Қуаныш сыйлау бір бақыт» атты жоба аясында жұмыс атқарады.
Үстіміздегі жылы жасөспірімдермен «Best World Reading Club» клубын жоспарладық. Осы жоба аясында жастарды оқуға, кітапқа деген қызығушылығын арттыруды көздеп отырмыз. Әр жобаның өзінің белгілі бір жоспары бар, сол жоспар оқырмандардың қатысуымен, белсенділігімен жүзеге асады. Іс – шараға қатысу арқылы оқырмандарымыз рухани тыныштық тауып, шығармашылық ойлары дамып, мәдени деңгейлері көтеріледі.
Өз ойын ашық жеткізуге, белсенділік танытуға мүмкіндік бар. Көкшетау қаласының балабақшаларының тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін № 4,5,6,14,21 мектептерінің оқушылары, жоғары білім ордасы Ақан сері атындағы Өнер және Мәдениет колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы жоғары білім беретін университет студенттері біздің тұрақты оқырмандарымыз. Кітапхана жұмысының алға басып, бір сарында тоқтап тұрмауына ықпал жасайтын адал оқырмандарымызға алғысымыз шексіз.
Мерейгер жазушылардың атаулы күндеріне орай, кәсіби мерекелерге орай өткізіліп жатқан іс шаралар нәтижелері әлеуметтік желі парақшаларында оқырмандар назарына ұсынылып отырады. Өткен жылы жоспарланған Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы, қазақстандық әдебиеттегі таңдаулы «100 кітап» республикалық акцияларына, сондай ақ, Ұлттық кітап күніне орай іс – шаралардың өткізілуіне белсене қатыстық. Осы ақпараттардың барлығын біздің кітапхана парақшаларынан көріп, тамашалай аласыздар. «Қуаныш сыйлау бір бақыт» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеу барысында біз өзіміздің мейірімділік жүрегімізбен әрбір жанға үміт отын жағып, өмірге деген көзқарастарын оятамыз, сеніммен қарауға үйретеміз.
Өйткені кітапхана – барлық адамдарға тең мүмкіндік ұсынатын ашық мәдени кеңістік. Жазғы демалыс уақытында «Әдебиет әлеміндегі демалыс» ашық аспан астындағы кітапхана жобасы аясында саябақта «Ұлттық кітап» күні» атап өтілді. Кітапханамызға ата-анасымен бірге келіп кітапты отбасымен оқитын оқырмандарымыз да бар. Бала кітапқа бет бұруы үшін ата-ана да қолына кітап алуы керек.
Меңгеруші Бақытгүл Майданқызы Галиева
«Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы
Көкшетау қаласының қалалық ақпараттық – кітапхана жүйесі
«Достар» МС жанында 20 қыркүйекте 2008 жылы ашылды.
Жұмыс бағыты: «Патриотизм. Дәстүрлер мен қазіргі заман».
Кітапхана Элеватор, Құрылысшылар қалашығы, Орталық, Васильковский, Көктем, Сарыарқа шағын аудандарының тұрғындары үшін ақпарат орталығы болып табылады.
Кітап қоры – 17515
оның ішінде мемлекеттік тілде - 9500
Оқырмандар - 2630 с.і.балалар 1363
Келушілер – 21088 с.і.балалар 12161
Кітап берілімі - 47900 с.і.балалар25160
Іс-шаралар саны - 60
КАБИС – 1440
Кітапхана ересектер абонемент, балалар абонементінен, оқу залынан тұрады. Абонемент - кітап қоры кітапханалық-библиографиялық біліктілік бойынша орналастырылған, Қордың басым бөлігі көркем әдебиет болып табылады. Кітап сөрелерінде басылымдар, анықтамалықтар, сөздіктер, оқулықтар, энциклопедиялар, журналдар мен газеттер бар. Газеттер мен журналдардың 11 атауын екі тілде жазады.
Оқу залы - мерейтойлық жазушылар мен жылдың Тарихи күндері туралы көрмелермен таныстырады.
Балалар қоры оқырмандарды түрлі-түсті және қызықты кітаптар сериясымен қарсы алады.
Кітапхана оқырмандарды қаламыздың танымал адамдарының өмірі мен қызметімен таныстыру мақсатында «Көкшенің асыл перзенттері» жобасы бойынша жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «ТІЛАШАР» бұрышы құрылды. Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде және ҚАКЖ сайтында барлық іс-шаралар жарияланады. Кітапхана КАБИСТІҢ электронды каталогын жүргізеді. № 8 мектеппен, 5510 – Әскери бөлімімен, « Аялау» орталығымен, «Арна» жоғары колледжімен тығыз жұмыс істейді.
«Достар» МС қалалық үлгілі кітапханасы
Төлеу Сүлейменов, 10. почта
Кітапхана меңгерушісі: Кузнецова Мария Владимировна
тел: 50-24-11
тел: 87476061076(WhatsApp)
Штат бойынша - 4 қызметкер
Кітапханашы -3
Еден жуушы-1

