31 наурыз күні Бірлік қалалық үлгілі кітапханасында «Жамбыл-жырдың қайнары» атты поэзия кеші өтті. Бұл іс шараның негізгі мақсаты-жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын оқырмандар жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге шақыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге баулу. Әдеби кешке, әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент-Сәбит Нұрмұхамбетұлы Жәмбек-Жамбыл Жабаевтың тарихи тұлғасы, ел руханиятындағы маңызы жөнінде өзінің ойымен бөлісті. Сонымен қатар, Жамбыл поэзиясының бүгінгі ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор екенін айтты. Іс-шараға, әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәбит Нұрмұхамбетұлы Жәмбек, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология факультетінің 2-курс студенттері, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 3-курс студенттері және кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында, қатысушылар жыр алыбының өлеңдерін оқыды. Көпшіліктің назарына ақын туралы бейнебаян көрсетілді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің филология факультетінің студенттері Жамбыл Жабаевтың өмірінен алынған «Алғадай» қойылымын көпшіліктің назарына көрсетті. Кеш соныңда, шараға қатысқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.
