25 ақпан күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Кітап оқу мәдениеті, жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбында талқылау өткізді.
Мақсаты: Кітапханалардың цифрлы экономиканы дамыту жағдайындағы жаңа мүмкіндіктерін айқындау, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды кітапхана қызметіне тиімді енгізу жолдарын талқылау. Қала оқу орындарының кітапханаларының кітапхана жүйесімен кітапханааралық байланыстарын нығайту, кітапхана ісін жетілдіру, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу бойынша тәжірибе алмасу.
Шараға зиялы қауым, БАҚ өкілдері, балабақша меңгерушілері, мектеп кітапханашылары, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің кітапхана меңгерушілері қатысты. Талқылау барысында «Кітап оқитын ұлт қалыптастыру – ел ертеңіне құйылған инвестиция», «Заманау кітапхана және ақпараттық кеңістік», «Кітап оқу мәдениеті және цифрландыру дәуірі», «Кітапхана қызметінде енгізілген цифрлық технологиялар», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінде әдеби тұлғалар мұрасын интеграциялаудың педагогикалық мүмкіндіктері», «Кітап оқитын ұлт» жобасы» зияткерлік –ағартушылық бастама, тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды. Спикерлер кітапхана қызметінің трансформациясы, жаңа коммуникациялық платформалар, инновациялық сервистер және цифрландыру жағдайында мамандарға қойылатын талаптар, кітап оқу мәдениеті туралы мазмұнды баяндама жасады.
Қорытындысында қатысушылар кітапхананың болашақ моделін қалыптастыру, интеллектуалды ресурстарды дамыту және оқырманмен жаңа форматтағы байланыс орнату бағытында негізгі жұмыс бағыттарын белгіледі.
Іс-шара кәсіби қауымдастыққа тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар қалыптастыруға және қала кітапханаларының цифрлы даму перспективаларын айқындауға мүмкіндік берді.
