Тәуелсіз елдің ең басты тірегі - оның қорғаныс қабілеті мен отансүйгіш азаматтары. Әрбір жас ұрпақ елдің болашағы ғана емес, оның бүгінгі қорғаны да. Сондықтан «Сарбаз боп, сап түзеуге дайынсың ба?» деген сұрақ - әрбір жастың жүрегіне ой салатын маңызды үндеу.
Осыған орай, Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында «Сарбаз боп, сап түзеуге дайынсың ба?» атты шеберлік-патриоттық сағаты өтті. Іс-шараға Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының Мәлік Ғабдуллин атындағы «Жас Ұлан» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Құдайбергенов Төлепберген және клуб мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында Құдайбергенов Төлепберген «Сарбаз болу - тек әскери киім киіп, қару ұстау ғана емес. Бұл - тәртіп, жауапкершілік, батылдық пен отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің белгісі. Нағыз сарбаз ел тыныштығын күзетіп, халықтың амандығын қорғауды өзіне қасиетті парыз санайды, бұл қатарда қызмет ету - үлкен мәртебе әрі абырой. Әскерге бару әр азамат үшін азаматтық борыш болып табылады. Ол жігерді шыңдап, ерік-жігерді күшейтіп, нағыз ер азамат ретінде қалыптастыратынын» айтып өтті.
Кеш соңында клуб мүшелері автоматты қалай бұзып жинайтындарын көрсетті.
Сарбаз болу - бұл үлкен жауапкершілік пен құрмет. Әрбір жас «Мен Отанымды қорғауға дайынмын ба?» деген сұраққа шынайы жауап беруі тиіс. Егер жүректе елге деген сүйіспеншілік болса, онда сап түзеуге де, сарбаз болуға да әрдайым дайын болу керек.
