"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

15 наурыз күні Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай 15 наурыз - Қайырымдылық күні аясында тағылымы мол, мазмұнды «Наурыз күнгі ақ тілек» атты мерекелік іс-шара өткізілді. 
Шараға Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Тарихи- мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-нің директоры Ж.К.Укеев, орталықтың қызметкерлері,кітапхана мамандары және кітапхананың зағип әрі нашар көретін оқырмандары қатысты. Мерекелік басқосу барысында қатысушыларға қазақ халқының бай салт-дәстүрлері, Наурызнама кезеңінің ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні туралы кеңінен мағлұмат берілді. Дәстүрге сай кітапхана қызметкерлері шашу шашып, шара қатысушылары ақжарма тілектерін айтты. Кітапхана қызметкерлері қонақтарға арнап ұлттық тағамдардан бауырсақ «party» ұсынып, шағын мерекелік дастарқан жайды. Іс -шара барысында, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері әсем әндер шырқап,жүрекке жылы әсер сыйлайтын өлеңдер оқып, ұлттық құндылықтарды насихаттады. Әсіресе зағип және нашар көретін оқырмандарға ерекше көңіл бөлініп, оларға құрмет көрсетілді. Қайырымдылық шарасы аясында Тарихи- мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Ж.К.Укеев, орталық атынан сый-сияпаттар мен шағын азық-түлік қоржындарын табыстап, мейірім мен жанашырлықтың жарқын үлгісі танытылды.Мерекелік кездесудің соңында оқырмандар бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.