"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

5 ақпан күні Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Поэзия - жанның әні» атты әдеби салон ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпаққа ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және рухани тәрбие беру. Әдеби салонға Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы Мәдениет және өнер колледжінің 1 - курс студенттері қатысты. Іс - шара барысында Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасынан сахналық көрсетілім қойылып, ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылды. Өнер колледжінің студенттері домбыра, гитараның сүйемелдеуімен әндерін орындады. Қатысушылар ақын поэзиясындағы адамгершілік, отаншылдық, махаббат пен табиғат тақырыптары жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға ақынның жыр жинақтары мен ол туралы жазылған еңбектер ұсынылды. Көрермен ретінде Көкшетау қаласының жалпы білім беретін №6 - мектептің 7 - сынып оқушылары мен кітапханашылары шақырылды. Бұл іс - шара жасөспірімдердің шығармашылық белсенділігін арттырып, поэзияға деген қызығушылығын нығайтты.