"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық тәрбиенің маңыздылығын талқылау мақсатында «Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында тектілік пен тәлім, отбасылық құндылықтар, құқықтық қатынастар, білім мен ұлттық тәрбие, мәдениет пен өнердің, білім көзі кітаптың отбасы берекесіне тигізер әсері сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Аталар кеңесінің мүшесі, қарымды қаламгер, мәдениет және тіл жанашыры Қаратай Төлекеев ұлттық болмыс, ұрпақ тәрбиесіндегі отбасының рөлі туралы пайымды ойларымен бөлісті. АХАТ басқармасының басшысы Бота Сейфуллина аймақтағы неке қию статистикасына, отбасы институтын нығайту мәселесіне тоқталды. Ал Әділет департаментінің өкілі Тоты Берлібекова отбасылық құқықтық қатынастар мен бала құқығын қорғау тетіктерін түсіндірді.
№4 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Ғалия Тюлюбаева мен ардагер ұстаз Дина Айтмағанбетова мектеп пен отбасы ынтымақтастығы, білім және ұлттық тәрбие, әулеттік дәстүрлер туралы сөз қозғады. Мәдениет саласының ардагері Орынтай Жусубалина жаһандану заманында өнер мен мәдениеттің отбасы берекесіне тигізер әсерін жеткізді. 
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілі Ескендір Ерсұлтан антқа адалдық пен отбасылық жауапкершіліктің байланысын айтса, Ассамблея жастарының өкілі Ақбота Нұрбекқызы көпұлтты ортадағы жастардың бірлігі мен ортақ құндылықтарды қалыптастыру жобаларымен бөлісті.
Келелі ой-талқының әсерлі болғаны соншалық, спикерлердің сөздерінде өз ата-анасына деген шексіз сүйіспеншілік пен перзенттік ізеттің лебі есіп тұрды. Олардың жүректен шыққан әрбір жылы сөзінен, ата-ана өнегесіне деген мақтаныш пен терең құрмет сезілді. Дөңгелек үстелдің шырайын кіргізген бұл жылылық, кейін қатысушыларға рухани демалыс сыйлаған ән шашуымен ұласты.