"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

2026 жылғы 23 сәуір күні Көкшетау қаласында «Мәңгілік алау» алаңы жанында Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – рухани әлем» атты ашық аспан астындағы мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, жастардың рухани дамуына серпін беру, сондай-ақ кітапхананың қоғамдағы маңызын насихаттау.

Аталған күн – кітапты, оқу мәдениетін және рухани құндылықтарды дәріптеуге арналған ерекше мереке. Биыл бұл күн ЮНЕСКО жариялаған Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен тұспа-тұс келіп, елімізде Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні ретінде қатар атап өтілді.

Шараға өңірдің белгілі қаламгерлері, мәдениет қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары, кітапхана қызметкерлері және қала жастары қатысты.

Шара барысында қаламгерлер құттықтау сөз сөйлеп, кітаптың қоғамдағы орны мен рухани маңызы туралы ой бөлісті.

Мерекелік кеш барысында «Кітап шеруі» ұйымдастырылып, қатысушылар сүйікті кітаптарын таныстырып, нақыл сөздер оқыды. «Рухани сандық» жобасы аясында оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары мен авторларын ұсынды. Поэзиялық бөлімде студенттер мен оқушылар жүрек тебірентер жырларын тарту етті.Сондай-ақ, қаламгерлер арасында «Кітап туралы 4 жол өлең» атты шығармашылық экспромт ұйымдастырылып, «Кітап әлеміне саяхат» викторинасы мен «Кім көп кітап біледі?» челленджі өткізілді. Бұл бөлімдер қатысушылардың білім деңгейін арттырып, белсенділігін шыңдауға мүмкіндік берді. Мерекелік кештің көркін «Біржан сал» квартетінің әсем әндері аша түсті. Іс-шара аясында жеңімпаздарға жергілікті қаламгерлердің қолтаңбасы қойылған кітаптар табысталды. Сонымен қатар, көпшілік назарына «100 кітап» жобасы аясында оқуға ұсынылған кітаптар мен «Туған өлке тұлғалары» атты кітап көрмесі ұсынылды.

«Кітап – рухани әлем» мерекесі қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға өз үлесін қосты.

Іс-шара қорытындысында белсенді қатысушылар марапатталып, ұйымдастырылған кітап көрмесі қатысушыларға кеңінен таныстырылды.