Көкшетау қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектепте көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына өмірі мен қызметіне арналған «Халқыма қалтқысыз қызмет еттім» атты еске алу кеші өтті. Шара Станциондық қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастырумен өтіп, жас ұрпаққа елін сүйіп, халқына адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті.Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Қонаевтың ел тарихындағы айрықша орнын таныту, оның мемлекет басқарудағы көрегендігі мен адамгершілік қасиеттерін насихаттау. Кеш барысында кітапхана қызметкерлері мен қонақтар Дінмұхамед Ахметұлының ел дамуына қосқан зор үлесі, халқына адал қызмет еткен қайраткерлік тұлғасы жайында тағылымды әңгімелер өрбітті.Шара аясында Қонаевтың өмір жолына арналған фотосуреттер мен замандастарының естеліктері көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы, әділдігі мен елге деген сүйіспеншілігі туралы мазмұнды ойлар айтылып, қатысушыларға терең әсер қалдырды. Еске алу кешіне №7жалпы орта білім беретін мектептің 7 «А» сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысып, тарихи тұлғаның өнегелі өмірі жайында мол мағлұмат алды. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, Қонаевтай дара тұлғаның еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін үлкен үлгі екенін атап өтті. Тағылымға толы бұл кеш жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, отансүйгіштік рухын арттыруға зор ықпал етті. Кеш аясында «Дінмұхамед Қонаев – дәуір тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қайраткер туралы еңбектер мен естеліктер оқырман назарына ұсынылды. №7 мектеп оқушылары Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы өлеңдер оқып, тарихи тұлға жайындағы ойларымен бөлісті. Бұл еске алу кеші жас ұрпаққа елін сүйіп, халқына адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті.
