«Қуаныш сыйлау бір бақыт»
22 мамыр күні Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында «Жақсы сөздерден – игі істерге» атты кітап терапиясы өткізілді. Мақсаты: адамгершілікке баулу, жақсылыққа, мейірімділікке, адалдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Іс- шараға «Аялау» орталығының тәрбиеленушілері қатысты. «Жақсы сөздерден – игі істерге» атты кітап терапиясы «Жүректен жүрекке» тренингімен басталды. Әрбір мейірімге құштар жан бір – біріне жылы сөздерін айтып, бір – біріне демеу бола білді. Кітапханашылар жақсы сөз айту арқылы жылы ахуал тудырып, оқырмандардың көңілін көтеріп, ойындар ойнатты. Іс – шара барысында Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімінің сарбаздарының орындауындағы жүрекке жылу сыйлайтын әсем әндері кешіміздің сәнін келтірді.
