"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

5 ақпан күні Станциондық қалалық үлгілі кітапханада Ауған соғысына арналған «Ерлік – ердің қасиеті» атты мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін дәріптеу, олардың Отан алдындағы борышын насихаттау және жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыру болды. Кездесуге құрметті қонақтар ретінде Ауған соғысының ардагерлері Абилькасымов Нұрбек Қонысбаевич, Койшенов Мұханбетқали Қабықенович, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы, қоғам қайраткері, публицист, педагог, «На той войне, незнаменинитой», «Сестра моя жизнь» кітаптарының авторы Ахетова Алия Қойшибаевна қатысты. Іс-шара барысында Ауған соғысының тарихы, қазақстандық жауынгерлердің жауынгерлік жолы, олардың ерлігі мен қайсарлығы туралы мазмұнды мәліметтер айтылды. Ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, бейбіт өмірдің оңай келмегенін, Отанға адал қызмет етудің маңызын жастарға терең түсіндірді.Ахетова Алия Қойшибаевна өз сөзінде соғыс тақырыбының адам тағдырына тигізген әсері туралы ой қозғап, шығармашылық жолындағы еңбектері арқылы тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Оның тағылымды әңгімелері кездесуге ерекше рухани мән берді. Кездесу соңында қатысушылар қонақтарға алғыс білдіріп, мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың жас ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап өтті. «Ерлік – ердің қасиеті» атты кездесу жастардың ел тарихына, ерлікке деген құрметін арттырған тағылымды шара болды.