"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

Орталық қалалық үлгілі кітапхана Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп Абылай ханның 315 жылдығына арналған «Елдікті аңсаған ер Абылай» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараның мақсаты - жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихи тұлға Абылай ханды таныстыру, ой-өрісін кеңейту. Дөңгелек үстелде Ақмола облыстық тарих мұғалімдері бірлестігінің басшысы, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әбілқадыров Арман Баянұлы сөз сөйлеп, Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндады. Ол студенттерді мұражай экспонаттарымен таныстырды: сол кездегі жауынгерлердің киімдері, жебелері, сауыт-саймандары, қару-жарақтары. Жоғары техникалық колледж студенті Диана Иманжанова Абылай ханның саясаты мен дипломатиясы туралы баяндама жасады.

Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев өз сөзінде Абылай ханның дарынды жауынгер және қолбасшы ретінде жорықтарында әскери әдіс-тәсілдерді пайдаланғанын атап өтті. Қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай Ханның мерейін асқақтатуымыз керек. Егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің көк байрағын желбіреткен шақта біз тамыры тереңде жатқан тарихымызды өзімізге де, өзгелерге де танытуға тиіспіз деп түсінуге шақырды.
Шара барысында Қазақ жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі мен жоғары техникалық колледж студенттеріне слайд-шоу, бейнеролик көрсетіліп, іс-шараға арналған кітап көрмесімен таныстырылды.