"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

2026 жылдың 03 шілде   күні сағат 16.00-де «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен  Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне орай және Конституцияның ресми түрде күшіне енуі аясында «Ел дамуындағы елеулі кезең» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізіледі.
Мақсаты: өскелең ұрпақты ұлттық мәдениетімізге, жаңа елеулі кезеңдерге құрметпен қарауға,  төл мәдениетімізді терең түсініп, салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс шара модераторы: Жетпісқалиев Серік Сапарұлы 
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі,
Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры
Биыл Ұлттық домбыра күні мен Астана күнін мерекелеу еліміздегі аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға – Конституцияның ресми түрде күшіне енуі аясында аталып өтеді.
Қатысушылар назарына «Заң мен тәртіп – берік іргетас»  тақырыбында   кітап көрмесі ұсынылады.
Ісшара барысында мерекеміз ән-күйлермен жалғасын тапты.
Шара соңында, қатысушылар осындай ісшаралар кеңінен жүргізілгенге ризашылықтарын білдірді.