"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

1 маусым күні Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі және Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында «Әдебиет әлеміндегі демалыс» ашық аспан астындағы open air іс шарасы өткізілді. Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың өнерін көрсету, достыққа, мейірімділікке, бірлікке және үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларды қорғау күніне орай түрлі мерекелік шаралар, концерттер, ойын-сауық бағдарламалары, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, кітапханашылардан құралған түрлі ертегі кейіпкерлерінің костюмін киген аниматорлар әр образда балаларды кіреберістен қызылды-асылды шарлармен көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алып, Қаламыздағы әсем безендірілген көкшалғынды бір сәтте-ақ әсем әуен желісінде олардың шат күлкісі мен көңілді билері араласқан тамаша атмосфераға айналдырды. Мерекелік шараға балалар, тәрбиешілер немесе мұғалімдер, ата-аналар, ертегі кейіпкері, кітапхананың кішкентай оқырмандары қатысты.