Бірлік қалалық үлгілі кітапханасы Абылайханның 315 жылдығына арналған «Дәуір рухындағы тарихи тұлға» атты оқырман конференциясы ұйымдастырды.
Мақсаты: келешек ұрпаққа Абылайханның мемлекет тарихындағы айрықша рөлін көрсету. Сондай - ақ, оның ел бірлігін сақтаудағы көреген саясаты мен жаугершілік замандағы ерлігін жастарға мол әрі жан - жақты мәлімет беру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Іс - шара барысыңда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры, өлкетанушы Мұрат қажы Ыдырысұлы, А.Мырзахметов атындағы университетінің педагогика ғылымдарының магистрі, тарих факультетінің оқытушысы Назыбаев Б.К., Тарихи - мәдени қорғау және пайдалану орталығының қызметкері Рахымжанова Г. А., Ақмола облыстық тарихи - өлкетану музейінің тарих бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жексенбек Қоңысбек, Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Беген С.С., қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы С.С.Жетпісқалиев, А.Мырзахметов атындағы университетінің тарих факультетінің студенттері қатысып, тақырып бойынша пікірлерін ортаға салды.
