"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

 

 1 сәуір күні Станциондық қалалық үлгілі кітапханада «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты балалар кітап апталығының ашылуы ұйымдастырылды.  Мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейту және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Апталықтың ашылу барысында кітапхана қызметкерлері балаларды мерекелік шараның бағдарламасымен таныстырып, апталық аясында өтетін түрлі танымдық және шығармашылық іс-шаралар туралы мәлімет берді. Кітапханада арнайы кітап көрмесі безендіріліп, балаларға арналған ертегілер, әңгімелер мен танымдық әдебиеттер ұсынылды. Шара барысында балалар өздерінің сүйікті кітаптары туралы айтып, ертегілерден үзінділер оқыды, қызықты ойындар мен викториналарға қатысты. Сонымен қатар, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әңгіме жүргізіліп, оқырмандар белсенділік танытты.