"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Салтанат” сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхананың ұйымдастыруымен “Ана - отбасының шуағы” атты мерекелік кеш өткізілді.
Шараға «Шаңырақ» хорының ұжымы, түрлі салада қызмет еткен ардақты әжелер қауымы, № 4 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Ананың мейірімі, отбасы берекесі мен бала тәрбиесіндегі рөлі дәріптелген мерекелік кеште ардагер ұстаз, «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері Дина Ғазезқызы Айтмағанбетова жас ұрпаққа ізгі тілегін білдірді.
Әжелер құрметіне мектеп ұстазы Азамат Серікұлы «Ана» әнін, мұғалімдерден құрылған вокалдық топ «Халық әндерінен поппури», Рамазан мен Айша атты қос бүлдіршін «Ата дәстүрлері» әнін тарту етті.
Аналарды ұлықтауға арналған бұл мерекелік шара асыл әжелерді шынайы ризашылық пен қуаныш сезіміне бөледі.
Мерекелік кеш барысында әйелді ана ретінде асқақтатқан әсерлі әндер шырқалып, ер азаматтар атынан аяулы Аналар қауымын, қызғалдақ қыздарды «Шаңырақ» хорының жетекшісі, ардагер ұстаз, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Аманкелді Хасенұлы Тошкен мерекемен құттықтады. Хор ұжымы әндерден шашу шашты. Жеке дауыста республикалық байқаудың лауреаты Шукубаева Алтыншаш Манатаевнаның орындауындағы «Ана туралы баллада» әні, Муканова Роза Манатовнаның орындауындағы «Анашым» әні кештің шырайын аша түсті.
Ақмола облыстық Аналар кеңесі жанындағы “Әжелер” клубының жетекшісі , аталмыш мектептің ғылыми -әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Нұрсауле Мұратқызы құттықтау сөз сөйлеп, асыл аналарға жылы лебізін арнады. Оқушылардың өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстады.