1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
«Ынтымақ, бірлік жарасқан»
30 сәуір күні Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында «Ынтымақ, бірлік жарасқан» атты достық алаңы өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың достық, бірлік және татулық туралы түсініктерін қалыптастыру, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. Іс – шараға Көкшетау қаласының жалпы білім беретін №14 мектептің 7 «г» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Алтынай Серікбайқызы қатысты. Іс- шара барысында қатысушылар достық туралы ән айтып, ингуш ұлтының өкілдері ұлттық биін билеп берді. Шаңырақ шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы ықыластарын білдірді. Қазақ, орыс, ингуш халықтарының ұлттық тағамы көрсетіліп, оны дайындау туралы қысқаша әңгімелеп берді. Ұлттар достығы осы іс шара барысында дәріптелген ерекше күн болды.
