"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.
AA+
"Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі" КММ
Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Телефон:
+7 7143 33 89 26
Кіру
Тіркелу

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

27   сәуір күні Орталық қалалық үлгілі кітапханада Қазақстан Халықының бірлігі күні мереке аясында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты библиоглобус шарасы өтті. Мақсаты – Қазақстан халықтарының мәдениетіне деген патриоттық пен құрметке тәрбиелеу, жастарды өзге этностардың ұлы тұлғаларымен таныстыру. Жүргізуші еліміздегі береке-бірлік, тыныштық, тәртіп барлық халықтар мен барлық мәдениеттерге, тіпті кішіге де байланысты екенін түсіндіріп, татар ақыны Ғабдолла Туқайдың өмірімен таныстырды. Шарада ақынның орыс және татар тілінде өлеңдері оқылып, «Ғалиябану» фольклорлық ансамблінің орындауында «Туған тіл» әні орындалды. Шараға кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді. Жоғары техникалық колледж студенттері де қатысты.